Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының ана өліміне қатысты  2025 жылғы 03 маусымдағы            № 09-7/2911 шығыс хаты негізінде 2025 жылдың 10 маусым – 10 шілде аралығында тәуелсіз медициналық сарапшылардың қатысуымен «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына  медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп – тексеру жүргізілді.

Тергеп - тексеру жұмыстарының қорытындысы сәйкес:

«Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны деңгейінде: денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарының және диагностикалау мен емдеу хаттамаларын толық емес сақталмауы анықталды.

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы  тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне мәлімет үшін, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына құзірет шегінде қарау үшін, Қызылорда облысының полиция департаментіне құқықтық баға беру үшін,  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына қаржылық шара көру үшін  жіберілді.