ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Облыс көлеміндегі дәріханалық ұйымдардағы дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесіне жүргізілген ішкі мониторинг жұмыстарының нәтижесінде Жеке дәріханалардағы дәрілік заттарды енгізу мәселелері бойынша орын алған дәріхана басшылары мен қызметкерлері арасында әдістемелік және практикалық көмек көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында жиын ұйымдастырылды.
Департамент басшысы Л.Қ. Айтымбетова жиында бастамасында бірқатар дәріханалық ұйымдарда таңбаланған дәрілік заттарды айналымнан шығару деңгейі өте төмен екенін атап өтті. Осыған байланысты заңнама талаптарын сақтау, ақпараттық жүйелермен тиімді жұмыс жүргізу қажеттілігіне баса назар аударды.
Жиын барысында дәрілік заттарды қабылдау және айналымнан шығару процестері толық жолға қойылған дәріханалық ұйымның өкілі таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу бойынша кезең-кезеңімен орындалатын алгоритмді слайд арқылы ұсынып, тәжірибесімен бөлісті. Таңбалау жүйесіндегі проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Қатысушыларға нақты ұсыныстар беріліп, тәжірибелік сұрақтар талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша дәріханалық ұйымдарға дәрілік заттарды уақтылы қабылдау және айналымнан шығару, қызметкерлерді оқыту, Департаментпен кері байланысты күшейту, сондай-ақ дәріхана объектілерінің және іргелес аумақтардың санитариялық талаптарды сақтау бағытында нақты тапсырмалар берілді.