2025 жылғы 16 сәуірде Қостанай облысына жұмыс сапарымен Комитет төрағасының орынбасары Н. Б. Айманов келді.
Сапар барысында Н.Айманов Қостанай облысының медициналық ұйымдарының өкілдерімен азаматтардың өтініштерін сапалы қарау бөлігінде пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын күшейту бойынша ұсыныстар берді. Бекітілген және қолданыстағы стандарттар, диагностика мен емдеудің ережелері мен клиникалық хаттамалары шеңберінде азаматтарға медициналық қызмет көрсету бөлігінде лауазымды тұлғалар тарапынан бақылауды қамтамасыз ету сұрақтар бойынша кездесу өткізді.
Сонымен қатар, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департамент қызметкерлерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік органның проблемалық мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың, атап айтқанда медициналық көмектің қолжетімділігін, тиімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған денсаулық сақтаудың медициналық және әкімшілік-басқару процестерін трансформациялау үшін цифрлық технологияларды пайдаланудың негізгі басымдықтарына тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша Н.Айманов департамент қызметкерлерімен айтылған бірқатар бастамалар мен ұсыныстарды қолдап, Комитет өз қызметінің барлық бағыттары бойынша Ашық диалог пен пікір алмасуға әрқашан дайын екенін атап өтті.