2025 жылғы 15 сәуірінде Қостанай облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тұрақты негізде «Ашық есік күні» акциясы, сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында азаматтарды қабылдау, сондай-ақ халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету өткізілді.
Азаматтарды қабылдауды медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімдерінің өкілдері Д. Ахметжанов, Ж.Асқаров және О.Жиенбаев жүргізді.
Қызықтырған сұрақтарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және азаматтардың қанағаттану деңгейі мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартудың тиімділігі мақсатында Департамент «Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та, әлеуметтік желі платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында мақалалар жариялау сияқты түсіндіру іс-шараларын өткізу бойынша жұмысты жалғастыратын болады.