СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ

     2025 жылғы 19 наурызда Қостанай облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тұрақты негізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ақпараттық қауіпсіздік, сондай-ақ лудомания.
    Іс-шара барысында Департамент басшысы Д.Жолдасов қызметкерлерге қызметтік ақпаратты тарату, мемлекеттік органдарда ақпарат алмасу рәсімі, Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелерін жеткізді.
    Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгеніне ерекше назар аударды (ҚР ӘҚБтК 504 және 641-баптары және ҚР ҚК 7-тарауы). ҚР ӘҚБтК-нің 504-бабы бойынша 20 АЕК, ҚР ӘҚБтК – нің 641-бабы бойынша 10 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.
    Сонымен қатар, іс-шараға Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері Е.Бедич қатысты, ол қатысушыларды "сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы практикалық мемлекеттік саясат"тақырыбында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша таныстырды.
     Сонымен қатар, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Д. Ахметжанов заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді, атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салу туралы түсіндірді.