26 сәуірде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Таза Қазақстан"республикалық бағдарламасына қосылды!
Біздің қызметкерлер қала әкімдігінің және басқа ұйымдардың әріптестерімен бірге аумақты тазалауға, ағаш отырғызуға және өңір тұрғындары үшін таза кеңістік құруға белсенді қатысты.🌱
Әркім өз үлесін қосты:
✅ Қоқыс пен құлаған жапырақтар жиналды.
✅ Жасыл аймақтар жаңартылды.
✅ Экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығы туралы профилактикалық әңгімелер жүргізді.
Бізбен бірге болғандардың барлығына рахмет!💚
Мұндай бастамалар біздің қаланы жақсартып қана қоймай, адамдарды ортақ мақсат — Қазақстанның денсаулығы мен әл-ауқаты үшін біріктіреді.
Тазалық бізден басталады!
Келесі сенбіліктерге қосылыңыз-біз бірге көп нәрсені жасай аламыз!