
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті келесі дәріханаларға GPP сертификаттарын табыс етті:
- "Империя здоровья" ЖШС мекен-жайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы ауданы, Гульдер-1 шағын ауданы, №3/1 құрылысы;
- "Е.В. Шалынина" ЖК Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Абай көшесі, №44 үй.
Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) дәрілік заттардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылады және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалануды оңтайландыруға және ем нәтижесіне баға беруге мүмкіндік беретін дәрігердің, пациент және фармацевтің өзара байланысын қамтамасыз етуге бағытталған.
01.02.2025 ж Қарағанды облысында 483 жұмыс істеп тұрған дәріхана жұмыс істейді, оның ішінде GPP стандартының талаптарына 115 объект (GPP сертификатын ұстаушылар) сәйкес келеді, бұл жұмыс істеп тұрған дәріханалардың жалпы санының 24% құрайды.