ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақовтың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақовтың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында

24 сәуір сәрсенбіде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төрағасы Нұрлан Ысқақовтың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Атамекен ҰКП алаңында дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау мәселесі бойынша дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату субъектілерімен кездесулер өткізілді. Таңбалауды енгізу кезіндегі проблемалық мәселелер талқыланды, Қазақтелеком АҚ таңбалау жүйесінде тіркеу және жұмыс тәртібі туралы түсініктемелер берілді, Қарағанды және ауылдық жерлерде таңбалау жүйесіндегі жұмыстарды көрсетумен және субъектілерге практикалық көмек көрсетумен бірқатар дәріханаларға барды.  Дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетінін еске саламыз. Цифрлық таңбалаудың тегін сенім телефоны- 8 (800) 080 65 65