АГДС өкілімен кездесу: мемлекеттік қызметшілерді не күтіп тұр?

АГДС өкілімен кездесу: мемлекеттік қызметшілерді не күтіп тұр?

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі-нің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Макеевпен Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде кездесу өтті.

Кездесудің басты тақырыбы – «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасын талқылау болды. Департамент қызметкерлері диалогқа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды. 👇

Не өзгереді?

✅ Сервистік модель
Негізгі қағидат: «Мемлекет – адам үшін». Мемлекеттік қызметшілер үстемдік етпей, азаматтарға сапалы қызмет көрсетуі тиіс.

✅ Клиентке бағдарлану және кәсібилік
Мемлекеттік сектор мен бизнестің үздік тәжірибелерін біріктіретін гибридті модель енгізіледі. Негізгі назар – тиімділік пен нәтижеге.

✅ HR және цифрландыру
Іріктеу «Е-қызмет» жүйесі арқылы толық цифрлық форматта жүргізіледі. Конкурстар 5–7 күн ішінде өтеді. Лауазымды көтермей-ақ, функционалдық міндеттерді кеңейту арқылы көлденең мансаптық өсу мүмкіндігі қарастырылады. Жалақыны үш жыл сайын индекстеу ұсынылады.

✅ Әлеуметтік қолдау
Тұрғын үй төлемдері, көтерме жәрдемақылар, үстеме жұмыс үшін өтемақылар және қосымша ақылы демалыс күндері сақталады.

✅ Әдеп және тыйымдар
Әдеп кодексінің жаңа редакциясы әзірленуде. Әлеуметтік желілердегі мінез-құлыққа қойылатын талаптар күшейтіледі, құмар ойындарға абсолютті тыйым сақталады.

Басшылардың назарына:
Қызметкерлер үшін жауапкершілік – жеке. Егер қызметкер заң бұзса, оның тікелей басшысы да жауап береді.

Реформаның басты мақсаты – тек заңнаманы жаңарту емес, қоғамға қызмет ету мәдениетін қалыптастыру. Спикер атап өткендей, әрбір мемлекеттік қызметші «Адал азамат» – адал әрі кәсіби тұлға болуға ұмтылуы тиіс.