Білу маңызды! Медициналық қызметтерді қалай дұрыс жарнамалауға болады?

Білу маңызды! Медициналық қызметтерді қалай дұрыс жарнамалауға болады?

Құрметті медициналық ұйымдар мен жарнама берушілер!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-105/2020 бұйрығына сәйкес, медициналық қызметтердің (көмектің) жарнамасы мынадай міндетті талаптарға сай болуы тиіс:
✅ Жарнамаланатын қызмет түріне қолданыстағы мемлекеттік лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
✅ Лицензия нөмірін және *берген органның атауын * міндетті түрде көрсету.
✅ Қазақстан аумағында (БАҚ пен интернет-ресурстардан басқа) жарнама қазақ және орыс тілдерінде — аударма кезінде мағынасы бұрмаланбай орналастырылады.
✅ Жарнаманы орналастыруға рұқсат етіледі:
- бұқаралық ақпарат құралдарында,
- электрондық ресурстар,
- медициналық мекемелер,
- мамандандырылған басылымдар мен ғылыми іс — шаралар - тек медициналық білімі бар мамандар үшін.
❗ Осы ережелерді бұзу ҚР ӘҚБтК 428 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады «Денсаулық сақтау саласындағы анық емес жарнама», оның шеңберінде тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ жарнама берушінің медициналық қызметтер көрсету, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістері мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспаларды мемлекеттік тіркеусіз олардың жарнамасын таратуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,-
- жеке тұлғаларға – он АЕК,
- лауазымды адамдарға – жиырма бес АЕК,
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз АЕК,
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу АЕК,
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ұйымыңыздың беделіне назар аударыңыз-заңға бағыныңыз!
Сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сіздің сенімді серіктесіңіз - * Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті*.