Денсаулық сақтау басқармасының алқасы: 2025 жыл бойынша алдын ала қорытындылар шығарылды

Денсаулық сақтау басқармасының алқасы: 2025 жыл бойынша алдын ала қорытындылар шығарылды

Бүгін, 2025 жылғы 3 желтоқсан күні, Облыс әкімі орынбасары Таурбеков О. төреғалығымен Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының алқасы өтті. Отырыста өткен жылдың алдын ала қорытындылары және өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары қаралды.

Алқаға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы О. Смирнова қатысты, ол Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылаудың жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты ұсынды.

Өз сөзінде О. Смирнова медициналық қызметтер мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы негізгі бағыттар мен тәуекелдерді атап өтті, сонымен қатар медициналық ұйымдардың дәріханаларының тиісті дәріхана практикасы стандартына сәйкестігі, пациенттерді қолдау қызметтерінің қызметі, осы жерде және қазір қағидаты бойынша мәселелерді шешу тәрізді өзекті мәселелер көтерілді. Пациенттердің қауіпсіздігін, медициналық көмектің сапасын және заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс 2026 жылы бақылау тетіктерін жетілдіруге және анықталған бұзушылықтар фактілеріне жедел ден қоюға баса назар аудара отырып жалғастырылатын болады.

Алқа өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар мен жоспарларды талқылаумен аяқталды.