Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті облыстың медициналық ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған алаңда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау саласындағы бұзушылықтарға жол бермеу мәселесі бойынша онлайн кеңес өткізді.
Кеңесте облыстың аккредиттелген ұйымдарының саны бойынша ағымдағы жағдай және медициналық ұйымдардың аккредиттеу деңгейін беру бойынша қажетті іс-шараларды жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат баяндалды. Сондай-ақ, аккредиттеу аясында медицина қызметкерінің жеке деректері мен құпиясын қорғаудың сақталуы туралы еске салынды.
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 273-бабының талаптарына сәйкес дербес медициналық деректер, медициналық көмекке жүгіну фактісі, адамның денсаулық жағдайы, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат және оны тексеру және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер медицина қызметкерінің құпиясын құрайды. Дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптардың сақталмауы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа жатады.