2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша алқа

2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша алқа

Бүгін Қарағандыда облыс әкімінің орынбасары О. Таурбековтың төрағалығымен Денсаулық сақтау басқармасы алқасының отырысы өтті, онда өңірдің медицина саласы жұмысының қорытындысы шығарылды.
Алқа жұмысына Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департамент басшысы — Ольга Смирнова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының басшысы — Ф.Копобаев, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы — Ю. Залыгин қатысты.
О. А. Смирнова өз сөзінде:
- әрбір анықталған бұзушылық фактісі тек статистика ғана емес, пациент үшін алдын алынған қауіп болып табылады деп атап өтті.
Кәсіби жауапкершілік институтын енгізу, медициналық ұйымдарды аккредиттеу, тиісті дәріхана практикасы (GPP) стандартын енгізу, медициналық көмектің қолжетімділігі және азаматтардың құқықтарын нақты қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Алқа соңында:
бақылау нәтижелері денсаулық сақтау жүйесінің ағымдағы жай-күйін бағалауға ғана емес, сонымен қатар өңірлік деңгейде тиімді ден қою шараларын құруға мүмкіндік береді деп көрсетті.
Саланың барлық қатысушыларының бірлескен жұмысы-халық тарапынан тұрақтылықтың, тәртіп пен сенімнің кілті.