Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды облысының дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілердің басшыларымен дәрілік заттарды , оның ішінде есірткі, психотроптық және күшті әсер ететін дәрілік заттарды рецепт бойынша босату қағидаларына қатысты онлайн кеңес өткізді.
Кеңес барысында фармацевтика және медицина қызметкерлерінің міндеттері, нормативтік - құқықтық актілерге сәйкес дәрігердің рецепті бойынша дәрілік заттарды босату және тағайындау қағидалары, сондай-ақ осы қағиданы бұзғаны үшін болатын жауапкершілік те талқыланды.