2025 жылғы 26 маусымда Қарағанды облысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаменті орта фармацевтикалық білім беру ұйымдарының түлектерімен онлайн форматта кездесу өткізді.
⠀
Кездесу барысында фармацевтикалық практикаға жіберілу үшін қажетті маман сертификатын алу мәселелері талқыланды. Фармацевтикалық қызметті сертификатсыз жүзеге асыруға тыйым салынғаны ерекше атап өтілді!
⠀
Департамент мамандары түлектерді Департаменттің құзыретімен, соның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау функцияларымен таныстырды. Жас мамандар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
⠀
Түлектерге кәсіби табыс, алға қойған мақсаттарына жету және денсаулық сақтау саласында жоғары құқықтық сауаттылық тілейміз!