23 маусым — біз өз өмірін қоғамға және елге қызмет етуге арнаған адамдарды құрметтейтін күн.
Осы символдық күні біздің жас әріптесіміз- фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Марлан Алимбатыров мемлекеттік қызметтегі мансабын ресми түрде бастады.
Бүгін ол Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және халқына адалдығын растай отырып, мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Ант қабылдау- тек формальдылық емес, адал, кәсіби және халықтың игілігі үшін әрекет етуге саналы уәде.
👏 Марланды осы маңызды қадаммен құттықтаймыз және табысты кәсіби жол, лайықты қызмет және үлкен жетістіктер тілейміз!
Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер! Қызмет адал, жол жарқын, мақсаттар қол жетімді болсын!