2025 жылғы 23 маусымда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өкілдері «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының түлектерімен кездесу-кеңес өткізді.
Кездесу барысында Департамент қызметкерлері заңнаманың нормалары мен медициналық қызметкерлердің сертификаттау саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер берді, клиникалық практикаға рұқсат алу бойынша денсаулық сақтау саласында маман сертификатын алу үшін құжаттарды тапсырудың кезең-кезеңімен процедурасы туралы ақпарат жеткізді, сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Арнайы назар кәсіби қызметті тиісті сертификатсыз жүзеге асырудың мүмкін еместігіне аударылды.
Департамент кездесуді ұйымдастыруға қолдау білдірген «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-ға алғыс білдіреді және түлектерге кәсіби қызметін сәтті бастап, денсаулық сақтау саласында жоғары нәтижелерге жету және әрі қарай кәсіби өсуді тілейді!