КеАҚ “Қарағанды медицина университеті” “Фармация” білім беру бағдарламасының түлектерімен жиналыс

КеАҚ “Қарағанды медицина университеті” “Фармация” білім беру бағдарламасының түлектерімен жиналыс

2025 жылғы 23 маусымда Қарағанды облысы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаменті өкілдері «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ «Фармация» білім беру бағдарламасының түлектерімен ақпараттық кездесу өткізді.

Кездесу барысында фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беретін маман сертификатын алу мәселелері жан-жақты талқыланды. Сертификатсыз кәсіби қызметпен айналысуға жол берілмейтіні ерекше атап өтілді.

Департамент қызметкерлері түлектерді Департаменттің негізгі қызмет бағыттарымен және өкілеттіктерімен, соның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібімен таныстырды. Қатысушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарға толық жауап алды.

Департамент кездесуді ұйымдастыруға қолдау білдірген «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-ға алғыс білдіреді.

Түлектерге кәсіби жолда табыс, алға қойған мақсаттарының орындалуын және денсаулық сақтау саласында құқықтық сауаттылықтарының жоғары болуын тілейміз!