Медицина қызметкері күні құтты болсын!

Медицина қызметкері күні құтты болсын!

Медицина қызметкері күніне орай "AMANAT" партиясының алаңында өткен Қарағанды облысының мамандарын салтанатты марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің атынан акушерлік-гинекологиялық бейіндегі тәуелсіз сарапшыларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.
Департамент басшысы Ольга Смирнова сарапшыларға алғыс сөздерімен жүгінді. Ол олардың маңызды және жауапты жұмысын, жоғары кәсібилігін, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру кезіндегі бей-жай еместігі мен принциптілігін, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық шешімдерді әзірлеуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Департамент барлық тәуелсіз сарапшыларға жанқиярлық еңбегі, іске берілгендігі және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.