Кәсіби мереке қарсаңында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ольга Смирнова медициналық сарапшыларды құттықтап, олардың маңызды және жауапты жұмысы үшін алғысын білдірді.
- Медицина қызметкері күніне орай тәуелсіз сараптаманы сапалы және жедел жүргізгені үшін, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру кезінде жоғары кәсібилігі мен бей-жай еместік үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық шешімдерді әзірлеуге қосқан үлесі үшін, - деп атап өтті Ольга Викторовна құттықтау сөзінде.
Адал еңбегі мен кәсіби сараптаманың жоғары деңгейі үшін алғыс хаттармен және естелік кәдесыйлармен марапатталды:
🔹 Волчанская Светлана Ивановна
🔹 Мациевская Лариса Леонардовна
🔹 Тайжанова Дана Жумагалиевна
🔹 Тургунов Ермек Мейрамович
🔹 Васильев Дмитрий Владимирович
🔹 Калиева Шолпан Сабатаевна
Салтанатты іс-шара соңында Ольга Смирнова әріптестеріне табыс, одан әрі кәсіби жетістіктер тіледі және берік әрі тиімді ынтымақтастыққа сенім білдірді.