Тіркелмеген дәрілік заттарды өткізу фактілері туралы алдын орналастырылған ақпаратты жалғастыра отырып, мынаны хабарлаймыз.
Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен дәріханалардың бірі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 426 бабының 3 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Соттың санкциясымен дәріхана қызметін 1 ай мерзімге тоқтата тұра отырып, 550 480 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар, құқық бұзушылық нысанасы болып табылатын дәрілік заттар тәркіленуге жатады.
Қаулыға заңнамада белгіленген тәртіппен күнтізбелік 10 күн ішінде шағым жасалуы мүмкін.
Департамент тіркелмеген дәрілік заттарды өткізу азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін заңнаманы өрескел бұзу болып табылатынын еске салады.
📌 Ескерту: мұндай бұзушылықтар ауыр зардаптарға әкеледі — қызметті тоқтата тұруға және тауарды тәркілеуге дейін.
Барлық дәріхана ұйымдарын қолданыстағы заңнаманың нормаларын қатаң сақтауға шақырамыз.