Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау мәселелері бойынша кеңес өткізу туралы

Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау мәселелері бойынша кеңес өткізу туралы

2025 жылғы 23 мамырда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау мәселелері бойынша Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының кадр қызметтерімен онлайн форматта кеңес өткізді. Кеңес барысында медициналық қызметпен айналысуға лицензия, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу, оның ішінде біліктілік деңгейін беру бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Заңнама нормаларының өзгеруі бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ құжаттарға және беру рәсіміне қойылатын талаптар нақтыланды. Кеңес нәтижесінде қатысушылар медициналық қызмет саласындағы заңнама талаптарын тиімді орындау үшін өзекті ақпарат алды.