Таңбаланған дәрілерді өткізу

Таңбаланған дәрілерді өткізу

Бүгін, 2025 жылдың 23 мамыры, Департаментпен ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті және «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС өкілдерімен бірлесіп таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу мәселелері бойынша дәрілік заттар айналысы саласындағы субъектілер үшін онлайн оқыту өткізілді.
Оқыту шеңберінде Бірыңғай таңбалау операторы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеудің негізгі процестері көрсетілді. Қатысушылардың мамандарға сұрақтар қоюына және түсініктемелер алуына мүмкіндіктері болды, дәрілік заттарды қабылдау және айналымнан шығару кезіндегі проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары егжей-тегжейлі талқыланды.
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес 2024 жылғы 1 шілдеден бастап осы мерзімнен кейін өндірілген барлық дәрілік заттар үшін міндетті таңбалау енгізілгенін қосымша хабарлаймыз.
Осыған байланысты барлық айналым субъектілері таңбаланған өніммен жұмыс істеу кезінде, оның ішінде қабылдауды, сақтауды, өткізуді және айналымнан шығару кезінде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.