2025 жылғы 21 мамыр, сәрсенбі күні Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті Қарағанды облысының фармацевтикалық ұйымдарының өкілдерімен жиналыс өткізді.
Күн тәртібіне келесі мәселелер қаралды:
1. Тиісті фармацевтикалық практика стандартының (GPP) енгізілуі;
2. Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету.
Жиналысқа қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.
GPP Стандарты әлі енгізілмеген аймақтағы өзге де дәріхана ұйымдарымен кездесулер өткізу жоспарлануда.
Облыстағы фармацевтикалық қызметтің сапасын арттыру бағытындағы жұмыс бірлесіп жалғасуда.