Назар аударыңыз!

Назар аударыңыз!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті тексеру іс-шаралары барысында Ресей, Турция өндірісінің Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен сапа бағалауынан өтпеген (сәйкестік сертификаты жоқ) дәрілік заттарды Қарағанды қаласының дәріханаларының бірі өткізуінің, сонымен қатар Қытай өндірісінің тіркелмеген дәрілік заттарының фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ дара кәсіпкердің өткізуінің  жолын кесті.

Мұндай препараттарды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылады және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Анықталған фактілер бойынша заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды. Тіркелмеген қытайлық дәрілік заттарды өткізуді жүзеге асырған дара кәсіпкерге қатысты тиісті лицензиясыз фармацевтикалық қызметті жүзеге асырғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, сотпен тіркелмеген дәрілік заттарды өткізгені үшін 550 480 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Дәріхана ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарды өткізу және сақтау фактілеріне қатысты материалдары әрі қарай қарау және кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін сотқа жолданды.

Департамент облыс тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымы және бұзушылықтарды анықтауға көмектескені үшін алғыс білдіреді!