«Ұлы Жеңіс ұмытылмайды» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

«Ұлы Жеңіс ұмытылмайды» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» аясында Ұлы жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Ұлы Жеңіс ұмытылмайды» атты қайырымдылық акциясы бойынша сұрапыл соғыс жылдары тылда еңбек етіп, Ұлы жеңісті жақындатуға өз үлесін қосқан Қадешева Райхан анамызға құрмет көрсетілді.

Қадешева Райхан 1929 жылы 15 мартта дүниеге келген, жұбайы Қадешев Шайдолла Ұлы Отан соғысына қатысушы болған. Бүгінде Райхан анамыз Ұлы жеңістің 80 жылдығын ұрпағының ортасында қарсы алып отыр.