«Абай әлемі-адамзаттың асыл қазынасы»

«Абай әлемі-адамзаттың асыл қазынасы»

«Абай әлемі-адамзаттың асыл қазынасы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, қызметкерлер арасында ұлы Абайдың әдеби мұрасын дәріптеу, Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Абай әлемі-адамзаттың асыл қазынасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинарды Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Сариева Айдана Жәнібекқызы жүргізіп, департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне Абай шығармалары бойынша, оның үш жүйеде өрбігендігін, яғни бірі-өз жанынан шығарған төл өлеңдері, екіншісі-ғақлия (қара сөздері), үшіншісі-өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері екендігін жан-жақты саралап түсіндірді.

Семинар барысында «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа...» айдарымен Абай әндері шырқалып, департаменттің мемлекеттік қызметшілері тақырып аясындағы тапсырмаларды орындауға белсенді қатысты.