Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу, құмар ойын мекемелеріне барудан бас тартыну және бәс тігуге қатысты шектеулер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілер азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеуге, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға және қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі түсіндірілді.