Семинарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-112/2020, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрықтарының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды өткiзу қағидаларын бұзуы бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны айтылды. Сонымен қатар фармацевтикалық субьект өкілдеріне ақпараттық брошюралар таратылды.
Семинарға қатысушыларға департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек (мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға) көрсететіндігін және департаменттің ресми сайтында, Facebook парақшасында орналасқан Әдеп жөніндегі уәкілдің бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдаулар болатынын айтты.
Семинар соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.