
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мамандары 2025 жылғы 19 наурызда Жылыой ауданы, Құлсары қаласында фармацевтикалық қызмет субъектілері және «Жылыой аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның медициналық қызметкерлерімен көшпелі семинар өткізді.
Семинарда фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу, фармацевтикалық қызметті лицензиялау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы маман сертификатын беру мәселелері бойынша, тиісті дәріханалық практика (GPP) стандартын енгізуге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинарға қатысушыларға Куангалиева Слушаш Мухамбеткалиевна (департамент басшысының орынбасары) Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек (мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға) көрсететіндігін және департаменттің ресми сайтында, Facebook парақшасында орналасқан Әдеп жөніндегі уәкілдің бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдаулар болатыны айтылды.
Семинар соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.