
2026 жылғы 16 ақпанда Атырау облысында Денсаулық сақтау жүйесінің қорытындысы туралы алқа отырысы өтті.
Жиынға Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы және денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы А. Абилова 2025 жылдың 12 айында Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің жұмысы бойынша баяндама жасады.