Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 26 қыркүйекте Жылыой ауданы, Құлсары қаласында «Жылыой аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның медициналық қызметкерлерімен көшпелі семинар өткізді.
Семинарда фармацевтикалық қызметті лицензиялау мәселелері бойынша, тиісті дәріханалық практика (GPP) стандартын енгізуге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинарға қатысушыларға департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек (мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға) көрсететіндігін және департаменттің ресми сайтында, Facebook парақшасында орналасқан Әдеп жөніндегі уәкілдің бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдаулар болатыны айтылды.
Семинар соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.