2025 жылы 23 және 26 қыркүйек аралығында Департаментпен Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы «999НУР» ЖШС-нің дәріханаларында GPP инспекциясы жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының 5 Қосымшасының 1 тармағына сәйкес Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (бұдан әрі – GPP Стандарт) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерінің көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Стандарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды. Осы Стандарт халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оларға дәрілік заттар туралы нақты ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурудың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, дәрілік препараттардың орын алған жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты беруге және өзін өзі емдегенде көмек көрсетуге бағытталған.