Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы фармацевтикалық субъект өкілдерімен онлайн семинар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысының фармацевтикалық қызмет субъектілерімен семинар өткізді.
Семинарда қаралған мәселелер:
-Фармацевтикалық қызметке лицензиялардың және (немесе) оған қосымшаларының қағаз нысанын электрондық нысанға ауыстыру туралы;
-Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы («Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру»);
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек және көтерме сауда желісінде өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу (дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау мәселесіне қатысты, күшті әсер ететін заттары бар дәрілік препараттарды рецептімен босату);
- Тиісті дәріханалық практика (GPP) стандартын енгізу қажеттігі туралы.
Семинарда аталған мәселелер бойынша заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.