Семинар (түсіндірме жұмысы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-112/2020

Семинар (түсіндірме жұмысы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-112/2020

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 5 маусымда Атырау облысының медициналық ұйымдар өкілдерімен семинар өткізді.

Семинарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-112/2020, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-175/2020, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрықтарының талаптарына сәйкес медицина қызметкерлерімен рецептер жазып беру жөніндегі талаптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны айтылды.

Семинарға қатысушыларға департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек (мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға) көрсететіндігін және департаменттің ресми сайтында, Facebook парақшасында орналасқан Әдеп жөніндегі уәкілдің бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдаулар болатыны айтылды.

Семинар соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына толықтырылған жауап берілді.