Астана қаласының МФБКД «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жалпы қалалық сенбілікке қатысты

Астана қаласының МФБКД «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жалпы қалалық сенбілікке қатысты

2025 жылдың 26 сәуірінде Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен жалпы қалалық сенбілік өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері де белсене қатысты. Бірінші Президент саябағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар сағат 09:00-де Керей, Жәнібек хандары – Бөкейханова көшелерінің қиылысында жиналды. Сенбілік шамамен екі сағатқа созылды. Қатысушыларға қолғап пен құрал-жабдықтар таратылды, сондай-ақ су, күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киім әкелу ұсынылды.