Медицина қызметкерлеріне біліктілік беру тәртібіне өзгерістер түсіндірілді

Медицина қызметкерлеріне біліктілік беру тәртібіне өзгерістер түсіндірілді

2025 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Альназарова "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына ( бұдан әрі - бұйрық) медициналық қызметкерлерге біліктілік санатын беру қызметі бойынша өзгерістер енгізілетіндігін жариялады. Бұйрыққа өзгеріс күшіне енгеннен кейін Астана қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде 2025 жылғы 25 сәуірде Астана қаласының барлық медициналық ұйымдарының қызметкерлерді басқару қызметінің өкілдері үшін Ашық есік күні өткізілді. Бұйрыққа енгізілген өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді және қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді. Іс-шараға 20-дан астам адам қатысты. Өзгерістерге сәйкес біліктілік санатының мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін аяқталған, қолданыстағы біліктілік деңгейін қайта рәсімдейтін және қолданыстағы біліктілік деңгейін растайтын медициналық қызметкерлер білім мен дағдыларды бағалаудан және кейс-тестингтен өтуден босатылады. Бұдан басқа, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі және жоғары медициналық білім алған техникалық және кәсіптік білімі бар медицина қызметкерлері үшін бұрынғы жұмыс өтілі ескеріле отырып, баламалы біліктілік деңгейі сақталады.