«Қош келдің, әз-Наурызым!»: Департаментте қазақы салт-дәстүрмен Наурыз мейрамы аталып өтті

«Қош келдің, әз-Наурызым!»: Департаментте қазақы салт-дәстүрмен Наурыз мейрамы аталып өтті

Департаментте 2025 жылдың 31 наурызында «Қош келдің, әз-Наурызым!» атты мерекелік іс-шара атап өтілді. Аталмыш шарада басшы міндетін атқарушысы Г.Габбасова салтанатты жиынды ашып, барлық мамандар қатысуымен Қазақ халқының «Арқан керу», «Құда күту», «Құйрық-бауыр асату», «Киіт кигізу», «Кәде-қаумет беру», «Қыз ұзату» сынды дәстүрлері арнайы көріністермен тойлау түрінде өтті. Осы сынды салтанатты жиындар Департамент басшылығы, мамандары арасында ыстық ілтипатпен ұйымдастырылып, өткізіледі.