
«Отбасым-үйім, Отбасым тірегім»
Отбасы құндылығының адам өмірі мен қоғамның әл-ауқатының артуының кепілі екендігін кеңінен дәріптеу және мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, 2023 жылғы 08 маусыда, мемлекеттік қызметшілер арасында «Отбасым-үйім, Отбасым тірегім» атты отбасылық эстафета Триатлон паркінде өтті.
Эстафеталық команда әкесі, анасы және баласынан тұратын топтан құрылып, арқан тарту, ләңгі тебу сияқты ұлттық спорт ойындарымен жарыстардың элементтерін қамтитын эстафеталық ойын түрінде өткізілді. Айта кету керек, бұндай іс-шара астаналық мемлекеттік қызметшілер арасында алғаш рет өткізілді.
Эстафетаға барлығы 6 команда қатысып, ақтық сынға 3 команда суырылып шықты. Аталған конкурс, ең алдымен, отбасы институтын нығайтуға, адамгершілік пен отбасылық құндылықтарды қастерлеуге, аға буынды құрметтеуді және балаларға ізет көрсетуді дәріптеуге бағытталған
Эстафета қорытындысы бойынша:
3- ші орынды Астана қаласының Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан шыққан Б.Кускадамовтар отбасы иеленді;
2- ші орынды ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшісі С.Алькееваның отбасы алды;
1-ші орынды бір отбасындағы қос мемлекеттік қызметшілер, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Астана қаласы департаментінің қызметшісі Ж.Кудабаев және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманыі Назерке Нургалиеваның отбасы алды.
Қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғыс айта отырып, мықты денсаулық, күш қайрат, үлкен жеңістер мен жетістіктер тілейміз