Департамент қызметкерлері «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы бойынша оқытудан өтті

Департамент қызметкерлері «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы бойынша оқытудан өтті

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы бойынша оқытудан өтті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаментінде Қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы түсіндіру бойынша оқыту семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша негізгі міндеттерді түсіндіру.

Оқыту аясында Тұжырымдаманың 5 негізгі бағыты, соның ішінде мемлекеттік органдардың ашықтығы, цифрлық трансформация, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтық қоғаммен серіктестікті дамыту мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

Кездесу интерактивті форматта өтті. Қызметкерлер құқық қолдану практикасына және мемлекеттік бастамаларды іске асырудағы денсаулық сақтау органдарының рөліне қатысты көкейкесті сұрақтарын қойып, оларға толық әрі тұщымды жауаптар алды.

Жиын соңында іс-шара төрағасы заңдарды қатаң сақтау — әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екенін атап өтіп, ұжымды «Заң мен тәртіп» идеологиясын барлық деңгейде белсенді қолдауға және ілгерілетуге шақырды.