Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензияны қалай алуға болады?

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензияны қалай алуға болады?

📌 Астана қаласының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия алу тәртібі түсіндірілді.

Лицензия eGov порталы немесе «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделеді.

Лицензия алу үшін лицензияланатын қызметтің кіші түрін анықтап, қажетті құжаттарды дайындап, өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растап, аумақтық департаментке жолдау қажет. Құжаттар тексеріліп, тиісті мемлекеттік органдардың келісімдері алынғаннан кейін лицензия немесе дәлелді бас тарту туралы шешім беріледі.

🔹 Құжаттарды қарау мерзімі заңнамамен белгіленген.
🔹 Лицензиялық алым мөлшері – 20 АЕК.