
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың аяқталғанын хабарлайды. Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін факторлар айқындалып, Департамент қызметінің ашықтығын арттыру мен ішкі процестерді жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерді төмендету, ішкі бақылау тетіктерін күшейту және басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар белгіленді. Бұл шаралар Департамент қызметінде ашықтық, заңдылық және адалдық қағидаттарын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.