🚨 Өтінім қабылдау басталды: «Үздік провизор» республикалық конкурсына қатысуға асығыңыз!

🚨 Өтінім қабылдау басталды: «Үздік провизор» республикалық конкурсына қатысуға асығыңыз!

🚨 Өтінім қабылдау басталды: «Үздік провизор» республикалық конкурсына қатысуға асығыңыз!

«Үздік провизор» атағын беру конкурсы

Конкурсқа практикалық жұмыста кемінде 7 жыл үздіксіз еңбек өтілі бар провизорлар қатыса алады.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
▪️ I кезең – өңірлік;
▪️ II кезең – республикалық.

Байқаудың өңірлік кезеңіне қатысу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

▫️ Өтінім;
▫️ Қатысушының портфолиосы;
▫️ Ережеге қосымшаларға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша мәліметтер;
▫️ «Болашақ дәріханасы: цифрлық фармация, дәріханадағы жасанды интеллект» тақырыбындағы үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын орындау барысында тақырыпты ашуда шығармашылық және креативті тәсіл қолдануға рұқсат етіледі.

Қатысушылар жұмыстарын презентация, бейнеролик, сахналық қойылым, сұхбат, инфографика және материалды ұсынудың өзге де бірегей форматтары түрінде ұсына алады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 18 мамырға дейін ҚОСА ЕСЕПТЕЛЕДІ.
Үй тапсырмасын таныстыру 2026 жылғы 29 мамырда, байқау өтетін күні өтеді.