
Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу мақсатында өтініш elicense.kz порталы арқылы беріледі. Өтініш беру кезінде түлектер келесі деректерді таңдауы тиіс:
– әрекет түрі: «Маман сертификатын алу (алғаш рет мәлімделетін мамандық бойынша)»;
– мамандықтар/мамандандырулар тізбесі: «Техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар мамандықтар»;
– мәлімделетін мамандықтың атауы – білім туралы дипломда көрсетілген біліктілікке сәйкес (Мейіргер ісі, Емдеу ісі, Акушерия ісі, Стоматология, Зертханалық диагностика, Ортопедиялық стоматология (тіс технигі)).
Сонымен қатар, білім туралы дипломның түпнұсқасын және мәлімделген мамандық бойынша кәсіби даярлық деңгейін бағалаудың оң нәтижесін (тестілеу нәтижесін) ұсыну қажет.