Қазақстанда дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңартылған тетігі енгізілді

Қазақстанда дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңартылған тетігі енгізілді

Елімізде дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеудің жаңартылған тетігі іске асырылып жатқанын хабарлайды. Бұл тетік баға қалыптастырудың ашықтығын, объективтілігін және болжамдылығын арттыруға бағытталған. және дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен «Дәрілік заттың сауда атауына өндірушінің шекті бағаларын, сондай-ақ бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта 4994 сауда атауына шекті бағалар бекітілген, фармацевтикалық қызмет субъектілері дәрілік заттарды аталған бұйрыққа сәйкес бекітілген шекті бағалардан аспайтын бағамен өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

Егер дәрілік заттар көрсетілген бұйрыққа өзгерістер енгізілгенге дейін сатып алынып, дәріхана ұйымына жеткізілген болса, оларды өткізу бұрынғы редакцияға (2025 жылғы 11 ақпандағы) сәйкес қолданылған бағалар бойынша жүзеге асырылады.

Мысалы, «Кеторол N20» дәрілік затының бағасының төмендеуі тіркелді: бұрынғы баға 870 теңге болса, қазір 305 теңге. Бағасы 565 теңгеге төмендетілді.

«Нимесил N30» дәрілік затының бұрынғы бағасы 4870 теңге болса, қазіргі бағасы 2894 теңге. Бағасы 1976 теңгеге төмендетілді.

Белгіленген шекті бағаларды асыра сату фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген.

🔹Бағаны негізсіз көтеру немесе дәрілік заттарды өткізу кезінде заңбұзушылықтар туралы DariKZ, Naqty onim мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ ҚР ДСМ «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жүгіну арқылы хабарлауға болады. Барлық өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

❇️Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне және тексерілген деректерге сүйенуге шақырамыз.