
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, Астана қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық ойындардан қалалық деңгейдегі жарыс өтті.
Аталған іс-шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті және Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.
Бұл маңызды шараға Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің қызметкерлері белсенді түрде қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыс бағдарламасына келесі ұлттық ойындар бойынша сайыс өткізілді:
- асық ату;
- тоғызқұмалақ;
- дәстүрлі садақ ату;
- арқан тартыс;
- қол күрес;
- кір тасын көтеру.
Департамент қызметкерлері жарыста белсенділік танытқандары үшін құрмет грамоталарымен марапатталды. Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі! Осындай игі бастамалар халқымыздың ұлттық құндылықтарын ұлықтап, салауатты қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосады.