
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде Наурыз мерекесі ерекше атап өтілді.
Мереке аясында қызметкерлер ұлттық киім киіп, көктем мен жаңару тақырыбына арналған өлең оқу сайысына қатысты. Іс-шара барысында ұлы ақындар Абай Құнанбайұлы мен Мұқағали Мақатаевтың шығармалары оқылды.
Өлең сайысы халқымыздың рухани құндылықтары мен мәдени мұрасын насихаттаудың жарқын үлгісіне айналды. Мұндай бастамалар ұлттық бірегейлікті нығайтып, дәстүрге деген құрметті арттырады.
Құрылған сәттен бастап елордалық департамент Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мерекелерін құрметтеп, оларды ұлықтауды өз қызметінің маңызды бөлігі ретінде ұстанып келеді.