Мемлекеттік қызметтер бойынша бөлім көрсеткен 2025 жылдың қорытындысы

Мемлекеттік қызметтер бойынша бөлім көрсеткен 2025 жылдың қорытындысы

2025 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі тарапынан барлығы 1832 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Фармацевтикалық қызметке лицензия беру бойынша 2025 жылдың 12 айында 584 өтінім қаралды. Оның ішінде 230 өтініш қанағаттандырылды.

Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру бойынша 145 өтінім қаралды. Оның ішінде 75 өтініш қанағаттандырылды..

Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге келісім беру мемлекеттік қызметі бойынша 34 өтінім қаралды. Оның ішінде 16 өтініш қанағаттандырылды.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру бойынша 1069 өтінім қаралды. Оның ішінде 586 өтініш қанағаттандырылды.

Дәлелді бас тартудың негізгі себептері – қажетті құжаттардың толық ұсынылмауы, біліктілік талаптарына сәйкес келмеу және мемлекеттік қызмет түрін дұрыс таңдамау болып табылады.

Сонымен қатар, бөлім мамандары азаматтардың өтініштері мен қоңырауларына күнделікті жауап беріп, тұрақты түрде қабылдау жүргізеді.