Дәріхана ұйымдарының үй-жайлары мен жабдықтарына қойылатын негізгі талаптар

Дәріхана ұйымдарының үй-жайлары мен жабдықтарына қойылатын негізгі талаптар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-58/2021 бұйрығының талаптарына сәйкес дәріхана ұйымдарының орналасуына және үй-жайлар құрамына мынадай талаптар қойылады.

  1. Орналастыруға қойылатын талаптар

Дәріханалар, оптика дүкендері және медициналық бұйымдар дүкендері:

  1. жеке тұрған ғимараттарда;
  2. тұрғын емес қор құрамындағы ғимарат құрылымында орналасқан оқшауланған үй-жайларда;
  3. тұрғын қор құрамындағы ғимарат құрылымында орналасқан оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.

Медициналық ұйымдардың дәріханалары:

  1. медициналық ұйым аумағындағы жеке тұрған ғимаратта;
  2. медициналық ұйым ғимараты құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.

Дәріхана пункттері тек медициналық ұйымның жанында немесе оның аумағында орналастырылады:

  1. оқшауланған үй-жайларда;
  2. үй-жай ішіндегі оқшауланған блокта.

 

2. Дәріханалардың үй-жайларының құрамы мен ең төменгі ауданы

Дәріхана ұйымында мынадай үй-жайлар болуы тиіс:

  1. Халыққа қызмет көрсету залы, оған мыналар кіреді:
  • витриналарды және қызметкерлердің жұмыс орындарын орналастыру аймағы — кемінде 7 ш.м;
  • халыққа қызмет көрсету аймағы — кемінде 8 ш.м.
  1. Сақтау үй-жайлары, оның ішінде қабылдау-экспедициялық және қосалқы үй-жайлар — кемінде 9 ш.м.
  2. Қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар, оның ішінде:
  • меңгеруші кабинеті;
  • персонал бөлмесі;
  • персоналға арналған киім ілетін бөлме;
  • жинау құралдарын сақтауға арналған қойма;
  • санитариялық торап — жалпы ауданы кемінде 6 ш.м.
  1. Дәріхана пункттеріне қойылатын талаптар

Дәріхана пунктінде мыналар болуы тиіс:

  1. дәріханалық жабдық пен қызметкерлердің жұмыс орындарын орналастыру аймағы — кемінде 16 ш.м;
  2. халыққа қызмет көрсету аймағы — кемінде 4 ш.м.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-19/2021 бұйрығының 17-тармағына сәйкес дәріхана ұйымы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және өткізу үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ететін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық режимді, еңбек қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік беретін жабдықтармен және мүкәммалмен қамтамасыз етілуі тиіс:

  1. дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған стеллаждар, тұғырлар, поддондар, шкафтар;
  2. температуралық режимді қамтамасыз ететін технологиялық жабдықтар;
  3. температура мен ылғалдылықты тіркеуге арналған аспаптар;
  4. тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдары;
  5. санитариялық режимді қамтамасыз ету үшін дезинфекциялық құралдар мен жинау мүкәммалы;
  6. санитариялық-гигиеналық режимді, еңбек қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды және дәрілік заттардың сақталуын қамтамасыз ететін өзге де жабдықтар мен мүкәммал.