
Аталған бастама аясында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Департаментінің қызметкерлері Трансфузиология ғылыми-өндіріс орталығына (ТҒӨО) барып, донорлық акцияға қатысты.
Қан донорлығы – денсаулық сақтау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі және қан құюды қажет ететін пациенттерге медициналық көмек көрсетуде шешуші рөл атқарады. Департамент қызметкерлерінің қатысуы әлеуметтік жауапкершіліктің және өтеусіз донорлықты дамытуға қолдаудың жарқын үлгісі болды.
Осындай іс-шараларды өткізу донорлық мәдениетті нығайтуға және осы маңызды миссия туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.